Ұлттық волонтерлік желі 550 тоннадан астам гумкөмек жинады

Ұлттық волонтерлік желі су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Қазір гуманитарлық көмек жинау орталықтарына 550 тоннадан астам жүк жиналды. Оның ішінде 370 тоннасы апатты аймақтарға жеткізілді.

Жалпы ел бойынша 25 мыңнан астам волонтер жұмыс істеп жатыр.

Айбек Досымбетов, "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ бөлім басшысы:

- Волонтерлердің ең бірінші атқарып жатқан жұмысы бұл – зардап шеккен тұрғындарға ыстық тамақ, жылы киім, төсек-орын ұйымдастыру. Қазіргі таңда зардап шеккен тұрғындардың денсаулығы сыр берген жағдайда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.