Су тасқыны. Жағдай тұрақталып келеді

Қостанай облысының оңтүстік аудандарында су тасқыны бойынша жағдай тұрақталды.

Алайда осы күнге дейін су қоршауында қалып отырған ауылдар бар. Мысалы Арқалықтағы Қызыл жұлдыз және Екідін елді мекендерімен әлі күнге қатынас жоқ.

Аталған ауыл тұрғындарының дені екі аптадан бері эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр. Арқалықтағы уақытша қоныстану орындарының бірінен қазір біздің тілшіміз тікелей эфирге шығып тұр.

Эвакуациялық пунктті паналаған жұрт ас-тағам, төсек-орынмен қаншалықты қамтамасыз етілген?

Арқалық қаласы бойынша су басқан елді мекендерден 301 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Соның 124 эвакуациялық пункте орналастырылған. Соның басым бөлігі  мынау мен тұрған Арқалық политехникалық колледжінің жатақханасына уақытша пана тапты.

Біз келген сәтте бұл жерде кезекті гуманитарлық көмек таратылып жатыр екен. Астананың нөмірі 71-ші мектеп лицейінің оқушылары мен ұстаздары жинаған азық-түлік, басқа да керек-жарақтар жеткізілген. Мұнда 11 көпбалалы отбасы тұрып жатыр.  Солардың бірі Әділбековтар отбасы. Рузалия әжей бес немересімен жатақхананың бір бөлмесін иеленген. Барлық керек-жарақпен қамтамасыз етіп отыр, дейді кейуана.

Рузалия Әділбеков, Қызыл жұлдыз ауылының тұрғыны:

- Немерелеріммен тұрып жатырмын, келінім, ұлым. Тұрмыстық жағдайымыз жақсы. Бәрін беріп жатыр, продуктылар беріп жатыр.

Су тасқынынан зардап шеккендердің бірқатары туыс-туғандарын паналап отыр. Олар да көмек-қолдаудан тыс қалып жатқан жоқ. Қазір менің қасымда Арқалық қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аружан Төлекбаева тұр.

- Аружан,үйсіз-күйсіз қалған адамдарға көмек-қолдау жағы қалай? Мектеп жасындағы балалардың оқу-сабағы үзілген жоқ па?

Аружан Төлекбаева, Арқалық қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы:

Рақмет. Жалпы облыс бойынша бүгінгі күні 7 мың 500 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Соның 769-ы эвакуациялық пункттерде орналасқан.

Мағауия Қалиев, 24.КZ, Қостанай облысы