Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің көмегі. LIVE

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері де жылу жинап жатыр. Қазір әріптесім Мерей Бает сол гуманитарлық көмек жиналып жатқан Достық үйінен тікелей байланысқа шығуға әзір.

Мерей Бает, тілші:

- Иә, ел басына күн туғанда көмекке асыққан көпті көріп, жүрегің жылиды. Бұдан бұрын Тараздық жүк көлігінің жүргізушілері халық жиған азық-түлікті Ақтөбе халқына жеткізген еді. Бұл іс тоқтап қалмады. Артынша, міне, аймақтағы этномәдени бірлестік өкілдері білек сыбанып, барын жиып беріп жатыр. Гуманитарлық көмектің құны шамамен 40 миллион теңге. Көмек қолын созған бірлестіктер арасында өзбек, татар-башқұр, қарашай-болгар,  грек пен ұйғыр, әзербайжан, дүнген және қырғыз ұлтының өкілдері бар. Осы істің басы қасында жүрген түрік бірлестігі төрағасының сұхбатын жазып алған едік. Тыңдасақ.

Махмуджан Даврушев, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Біздің түрік этномәдени орталығының атынан 5 миллиондық заттар жіберіп жатырмыз. Одан бөлек, 5 миллион фондқа ақша жібердік. Бұл – біздің бірлігіміз, достығымыз, бауырмалдығымыз. Осыны біз көрсетіп жатырмыз, көрсетуіміз де керек. Біздің келешегіміз – жастарымыз бар. Сол жастарымыз білу керек, біздің бірлігіміз болу керек.

Мерей Бает, тілші:

- Қайырлы істің қасынан облыстың белсенді жастары да табылды. Сонымен қоса «AMANAT», Respublica сынды партия өкілдері де азық-түлікпен қатар тұрмыстық химия, балалар жөргегі мен жамылғы сынды қажетті заттарды ала келген. Айта кетейік, ізгі іске Жамбыл облысының аудандары да белсенді атсалысып жатыр. Олар осы бірнеше күннің ішінде апат болған аймақтарға 60 миллион теңгеге жуық гуманитарлық көмек жіберді. Енді сол тауарлар қиындыққа тап болған қаршаның қажетіне жараса болғаны.