Жаға бекіту жұмыстары жалғасуда. LIVE

Атырау қаласын қақ жара ағатын Жайық өзенінің жағасы бұрын демлаушылардың сүйікті орны болса, енді еңбек майданының алғы шебіне айналды.

Бұған дейін тасқын су басу қаупі бар 12 учаскеде жаға бекіту жұмысы жүрсе, енді 100 шақырымдық екі бет түгелдей қапшық қорғанмен қаптала бастады. Өткен тәулікте 1 млнға қапшық таратылып, жағалауға өрілді. Қала  осындай 22 учаскеде жұмыс жалғасуда. Жұмыстың жеделдігі сондай, қапшық жетіспей болып жатыр. Кеше Алматыдан алдырылған 500 мың қапшық түгел кәдеге жаратылды. "Қазгидрометт" РМК-ның бүгінгі сағат 8 дегі мәліметі бойынша Индербор кентіндегі гидропостта cу деңгейі 33 см биіктікте көтеріліп, өзен арнасы 216 смге жеткен. Себебі, Жайық өзеніне келетін Ресейдегі Иректі су қоймасынан шыққан судың көлемі сол 1670 текше метрден түспей тұр. Осыған орай облыстық штаб әр 4 сағат сайын мәлімет таратып, тұрғындарды сабырға шақыруда. Жаға беткіту жұмысы жалғаса береді.