800 волонтер көмектесіп жатыр

Оралда тасқынға тосқын шараларына 800 волонтер көмектесіп жатыр.

Олардың біразы құм толы қапшықтар дайындауға жұмылды. Осы арқылы су басуы мүмкін аумақтарды уақтылы бөгеу жұмыстарына зор үлес қосуда.

Дәл қазір аймақтан тілшіміз Еркебұлан Смадияров бізбен тікелей байланысқа шығып тұр. Тасқын тосқын қою бағытындағы жұмыстар қалай жүріп жатыр?

Мен қазір қаланың дәл іргесіндегі кеніште тұрмын. Бұл жерде, мінекей, коммуналдық мекеме жұмысшылары мен волонтерлер таңнан кешке дейін жұмыс істеп жатыр. Күн сайын кемінде 20 мыңнан астам қапшыққа құм салынып, қажетті жерге жөнелтіледі.

Бұл жұмыстардың дәл қазір маңызы өте зор. Өйткені өзендерден тасқын қаупі бар. Әрбір қауіпті учаскені дер кезінде бөгеп үлгеру қажет.

Бұл жерде қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Артур Ахмет те бар екен.

- Артур мырза, волонтерлер қатары толығып жатыр ма? Мұнда қанша адам жұмыс істеп жатыр?

- Құм толы қапшықтар қай аумақтарға жөнелтіліп жатыр?

Артур Ахмет, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Түсінікті. Сұхбатыңызға рахмет!

Айта кетейік, Жайықтың су деңгейі қауіпті межеге таяп қалды. Сондықтан тасқынға тосқын шараларын одан әрі күшейту міндеті тұр.

Еркебұлан Смадияров, 24.KZ, Орал