Тасқын болған аймақтарда электр энергиясына шектеу жоқ

Бұл жөнінде Энергетика министрлігі хабарлады.

Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 1 мыңға дейін қысқарған. Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 103, Батыс Қазақстан облысында 4, ал Атырау облысында 3 есеге дейін абонент саны қысқарған.

Шыңғыс Ілиясов, Энергетика министрінің ресми өкілі:

- Төтенше жағдайды жоюға 9 000-нан астам энергетик мамандары, 2 145 бірлік арнайы автотехника қатысуда. Электр энергиясының 414 мобильді көзі бар. Алдағы кезеңде кернеулердің әртүрлі кластарындағы электр беру желілерінің 1 867 тірегін қалпына келтіру қажет. Салдарды жою үшін барлық қажетті материалдар бар.