6 мыңға жуық отбасы біржолғы өтемақы алды

Су тасқынынан кейін 6 мыңға жуық қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдау алды.

Әр жанұяға 369 мың 200 теңгеден біржолғы төлем берілді. Шамамен 900 отбасыға келтірілген материалдық шығын үшін жалпы 380 млн теңге көлемінде өтемақы төленді. Ал мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы мөлшері 40 млн теңгеге жуықтайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір Үкімет зардап шеккен азаматтарға келген залалды бағалау және өтеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бүгінде арнайы құрылған өңірлік комиссияларға шамамен 14 мың өтініш келіп түскен.