Сенат көші-қон туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Сенат педофилдер мен террористердің елге кіруіне тыйым салатын заңды Мәжіліске пысықтауға қайтарды.

Парламенттің жоғарғы палатасында бүгін екінші оқылымда Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды. Сенат депутаттары заңға 11 түзету енгізді. Олардың негізгі бөлігі құжаттың екінші тармағына қатысты.

Мәулен Әшімбаев. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Ішкі көші-қонды ынталандыру мақсатында қоныс аударушыларға шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін жерлер берілетін болады. Мұндай жерлер конкурстан тыс тәртіппен бес жылға дейінгі мерзімге берілетін болады. Қазақстан азаматтығын алу және жоғалту тәртібіне бірқатар түзетулер енгізілді. Сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесінің бюджетін қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер бар.