Елде 115 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Елде тасқын басталғалы апатты аймақтардан 11 мыңға жуық адам  эвакуацияланды, деп хабарлайды 24KZ.

Оның 45 мыңы – бала. Ал қауіп сейілген аудандарда 19 мыңнан аса тұрғын өз үйлеріне оралды. Сондай-ақ құтқарушылар 113 мың жануарды қауіпсіз аймаққа көшірген. Қазір 5 облыста 6 мыңнан аса жеке тұрғын үй мен 1 мың 100 ауланы су басқан. Апаттың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 45 мың адам мен 4 мың 600 техника тартылды. 858 су сору және 339 жүзу құралы да бар. Әуе кемелері де күні-түні қызмет етіп жатыр.