Іздеу

Қазақ жауынгерлерінің сүйектері табысталды

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерлікпен қаза тапқан екі қазақстандық жауынгердің сүйегі Қазақстанға тапсырылды. Рәсім Мәскеуде, Поклонная тауындағы Жеңіс мұражайында өтті. Ресей астанасына майдангерлердің туыстары да…

Абай облысында шалғайдағы ауыл ажарланып келеді

Биыл Абай облысындағы Аягөз ауданында бірқатар ілкімді іс атқарылды. Әлеуметтік маңызы бар нысандар ашылып, халықтың тұрмысы жақсарды. Облыс басшысы шалғайдағы Малтүгел ауылының тынысымен танысып, алдағы…

Аршалы ауданындағы бірқатар инфрақұрылымдық нысан іске қосылды

Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында биыл бірқатар инфрақұрылымдық нысан іске қосылды. Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында жаңадан су сору станциясы салынса, Жалтыркөлде электржелісі іске қосылды.

Алматы облысында үздік 50 маман марапатталды

Мемлекет басшысы биыл ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында саланы алдағы бес жылда екі есе өсіру міндетін қойған. Бұл мақсатқа жетуде Алматы облысының үлесі айрықша.

Ұлытау облысында үздік прокурорлар марапатталды

Құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін сақтауда алғы шепте жүрген прокуратура қызметкерлері жаңа облыстың құрылуы мен қалыптасуына да елеулі үлес қосып келеді. Салтанатты жиында облыс әкімі…

Димаш – Ғаламдық ізгі ниет елшісі

Халқымыздың аяулы перзенті, әйгілі әнші Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының Ғаламдық ізгі ниет елшісі атанды. Бұл шешім бүгін Женевада өткен ұйым Кеңесінің 116-шы сессиясында жарияланды.

Қазақстандық делегация көші-қон форумына қатысып жатыр

Қазақстандық делегация Халықаралық көші-қон ұйымы Кеңесі отырысының 116-шы сессиясына қатысып жатыр. Бұл – әлемдегі көші-қон үдерістерін басқару және еңбек мигранттарын қорғау мәселелері талқыланатын жаһандық форум.

Қызылорда облысының тұрғыны Halyk Bank-тен автокөлік ұтып алды

Қызылорда облысының тұрғыны Halyk банкінен Hyundai Tucson автокөлігін ұтып алды. «Сыйлықтар марафонының» бас жүлдесі Алматыда табысталды. Темір тұлпарды тізгіндеп кетуге келген жеңімпазды Halyk банк қызметкерлері…