Байқоңырдан зымыран ұшырылды
Ғарыш айлағынан «Прогресс МС-34» жүк кемесі тиелген «Союз-2.1а» зымыраны Халықаралық ғарыш станциясымен 28 сәуір күні сағат 05:01-де түйіседі деп жоспарланған, деп хабарлайды 24KZ.
Сондай-ақ ашық ғарышқа шығуға арналған жаңа «Орлан МКС» скафандры да жіберілді. «Роскосмос» мәліметінше, кеме халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді. Атап айтқанда: станцияға жанармай құюға арналған отын, экипажға арналған азық-түлік, ауыз су, санитарлық-гигиеналық құралдар және ішкі атмосфераны сақтауға арналған оттегі, бар.
Бұдан өзге орбитаға «Нейроиммунитет» (стрестің иммундық және жүйке жүйесіне әсері), «Коррекция» (ғарышта сүйек массасының жоғалуы), «Биодеградация» (микроорганизмдердің материалдарға әсері) және «Сепарация» (суды регенерациялау жүйелерін жақсарту) тәжірибе жасау тапсырмалары жіберіліп отыр.