БҚО-да үш көлік соқтығысып, екі әйел қаза тапты

Фото: depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында үш көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі әйел көз жұмды, деп хабарлайды «24KZ». 
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 15 маусым күні сағат 18:50 шамасында Теректі–Ақсай тасжолының 52-шақырымында болған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Toyota Prado автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Volkswagen Tiguan көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Toyota Prado Toyota Land Cruiser 200 автокөлігіне де соғылған.
Жол апаты салдарынан Toyota Prado көлігінде болған  екі әйел оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған бірнеше адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз