Д. Елеусіновтің қатысуымен жол апаты болды
Былғары қолғап шебері Данияр Елеусіновтің қатысуымен жол апаты болды.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қалада екі көлік апаты тіркелген. Салдарынан бірнеше темір тұлпар зақымдалған. Атап айтқанда Toyota Land Cruiser жүргізушісі басқа көліктермен соқтығысып, оқиға орнынан ізін суытпақ болғаны анықталды. Алайда тәртіп сақшылары Достық көшесі бойынан масаң күйде көлік басқарған 35 жастағы азаматты ұстады. Көлік тізгінінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.