Ақтөбеде пәтер тонаумен айналысқан азамат ұсталды

кадр бейнежазбадан

Ақтөбеде екі пәтерді тонады деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап  «24KZ» хабарлайды.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қылмыстардың бірі Ақжар-2 тұрғын алабында жасалған. Күдікті түн мезгілінде үй иелерінің екінші қабатта ұйықтап жатқанын пайдаланып, ішке кіріп кеткен. Ол тұрғындардың ақшасы мен алтын әшекейлерін жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 2 миллион теңгені құрайды.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың осы алқапта жасалған тағы бір пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: