Маңғыстауда ысталған балықтан төрт адам уланып қалды
Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында ысталған балық жеген 4 адам уланып қалды.
Қазір 3 ересек адам және кәмелетке толмаған бала орталық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Барлық науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Оларға қажетті емдік шаралар жүргізіліп, ботулизмге қарсы сарысу егілген. Алдын ала болжам бойынша, адамдардың улануына үйдегі тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталған балық себеп болған.
Марал Қадыр, денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс эпидемиологы:
- Мұнайлы аудандық ауруханасына 9 жас 10 айлық бала ботузизм белгілерімен медициналық көмекке жүгінді. Одан кейін бала Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілді. Содан кейін облыстық ауруханаға үлкендер медициналық көмекке жүгініп бастады. Бүгінгі таңда науқастардың клиникалық жағдайына байланысты барлық симптоматикалық емдер және ағзасынан дезинтоксикациялық ем жүргізіліп жатыр.