Өңір тынысы. Батыс Қазақстан облысы

Түсіру тобының әр өңірмен танысуы облыс орталығына жетерден біраз бұрын басталады. Театрдың киім ілгішінен басталатыны сияқты, көлікпен жүргендіктен біздің алғашқы әсеріміз өңірдегі жолдардың жағдайына байланысты болады. Батысқа бастайтын маңызы бар жолдар тақтайдай болса, облыс ішіндегі жолдардың барлығының сапасы жақсы дей алмаймыз. Мәселенің мән-жайын білу үшін бірден облыс әкімі Алтай Көлгіновпен тілдесуге бардық.