419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында тұрғын үй өртеніп кетті

  • 252
  • UPD: 22:27, 25.01.2021
Қызылорда облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қызылорда облысы Шиелі ауданында тұрғын үй толығымен өртеніп кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқиға Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай ауылында болды. Жалпы ауданы 138 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің төбе жабыны жанған. Тұрмыстық заттар да толығымен өртенген.

«Тілсіз жау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 5 қызметкері және 1 техника күшімен толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы