Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам жараланды.

Оқиға Алматы-Көкпек-Көктал жолында болған. Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 167 шақырымында «Ауди» мен «Лексус» көліктері соқтығысты.

Алдын ала болжам бойынша «Ауди» көлігінің жүргізушісі алдындағы көліктен озып өтпек болып, қарсы бағытқа шығып, көлікке соғылған. Салдарынан екі адам мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді тәртіп сақшылары.

Қазір оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.