Петропавлда автобус жолаушысы мен жүргізуші төбелесті

Петропавлда автобус жүргізушісі мен жолаушы жаға жыртысты. Оқыс оқиға номері жетінші қоғамдық көлікте болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода полицейдің оларды ажыратып жатқандығын аңғаруға болады. Дегенмен, төбелеске нақты не себеп болғаны әзір белгісіз. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша тараптардың ешқайсысынан арыз-шағым түспегенін хабарлап отыр.

Шығыс қазақстандық құтқарушылар шаңғы тебу үшін тауға шығып, кейін қайта оралмаған 1962 жылғы азаматты құтқарды. Ол 16 сәуірде шаңғымен Малоубинск су қоймасына қарай бет алып, Риддер қаласынан 70 шақырым жерде таулы жерде аяғын сындырып алған. Зардап шегушіге шұғыл көмек көрсету үшін тікұшақ жұмылдырылды. Ер адамның аяғы таңылып, тікұшақпен Риддер қаласының ауруханасына жеткізілді.