Риддерде саяжай өртенді

Риддер қаласында саяжайдан өрт шықты. Салдарынан төрт жер теліміндегі жазғы үйлер мен шаруашылық нысандары жанып кетті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті толығымен сөндірді. Сонымен қатар 1 гектар аумақтағы шөптің жануын алдын алды. Оқыс жағдай от жағу ережелерін ескермеу салдарынан болған.