Теміртауда емханаға вакцина алуға барған қария тапталып қала жаздады

Теміртау қаласында емханаға екпе салдыруға келген зейнеткерді кезекте тұрғандар таптап кете жаздады. Емхана ашылмай тұрып, ұзын-сонар кезек пайда болған.

Бұл туралы түсірілген видеоны әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Аяқ астына құлаған қария жарақат алмаған. Дәрігерлер коронавирусқа қарсы вакцина алдын ала кезек бойынша салынатынын айтады. Ал рентгенге түстен кейін түсуге болады. Сондықтан таң атпай кезекке тұрудың қажеті жоқ.

Гүлнар Есімсейіт,  Теміртау қалалық №1 емхана директоры: 

- Емхана жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дәрігерлер жұмысқа келіп, уақыт болған сәтте пациенттерді қабылдап жатыр. Сондықтан келушілер өз кезегін күтіп, бүгінгідей адамдардың көп жиналуына жол бермеуін өтінеміз, аллын ала уақыт бойынша жазылып келген абзал болады.

Сондай-ақ...