Ақтөбе облысында көліктегі өрттен екінші бала да көз жұмды

Ақтөбе облысында өртенген көлік ішінен шығып үлгерген бала да қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күйік шалған жеткіншек кеше ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Оқиға кеше Әйтеке би ауданында болған. Аулада тұрған ескі ВАЗ көлігіне ағалы-інілі екі бала кіріп, ойнап отырған. Кенет көлік өртеніп, 3 жасар бала ішінде қалып қояды. Сол жақта тіл тартпай кетті. Ал 7 жастағы ағасы қашып үлгерген. Бірақ денесінің біраз бөлігін күйік шалған еді.