Алматыда «Бұқар Жырау Тауэрс» ТК-дегі өрттен тұрғындар эвакуацияланды

Алматыда көп қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 шілде күні «101» пультіне Бостандық ауданы, Бұқар жырау 27/5 көшесіндегі көп қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:43-те келді. Олар 13-қабаттағы пәтерден түтін шығып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялады, өртке қарсы шаралар қолға алынды» деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен. Алдын ала ақпарат бойынша өрт 20 шаршы метр жерді шарпыған.