Павлодар облысында суға батып кеткен үш адамның денесі табылды

Төтенше жағдайлар департаменті тыйым салынған жерлерде шомылмауды сұрайды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел құтқару жасағының құтқарушылары 24 шілдеде суға батып кеткен адамдардың денелерін бүгін алып шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, Сычевка ауылының маңында Ертіс өзенінде төрт адам отырған қайық аударылып кеткен болатын. Үшеуі құтқарылып үлгерді, ал 2004 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Сол күні құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастады.

- Құтқарушылар жеке меншік эхолоттың көмегімен Ертіс өзенінің түбін сканерледі, оқиға орнынан 2-2,5 км төмен ағыс бойынша бір сүңгу жүргізген болатын. Эхолот сол жерде батып кеткен адамның денесін көрсетті, бірақ расталмады. Бұдан әрі құтқарушылар туыстарымен бірге сол жақ жағалаудағы ағаштарды итере бастаған.  Батып кеткен адамның денесі сағат 17.48-де оқиға орнынан 2 шақырым жерде, сол жағалаудан 5 метр қашықтықта табылды, - дейді департаментте.

Сағат 19.15-те құтқарушылар денені оң жағалауға тасымалдап, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Іздестіру іс-шараларына 4 қызметкер, 1 техника және 1 жүзу құралы тартылды. Оқиға орнында  6 адам және 2 жүзу құралы жұмыс істеді.

Сондай-ақ, өткен күні сағат 15.28-де іздеу нәтижесінде 1991 жылы туған ер адамның денесі оң жағалауға жақын автожол көпірінің маңынан табылды. Ол 24 шілдеде Ертіс өзенінің «жылы ағысы» арнасында батып кеткен. Оқиға орнынан қашықтық – шамамен 5 км.

- Өкінішке орай, бүгін, 28 шілде күні сағат 04.30-да «112» пультіне Кенжекөл кентінің маңында Ертіс өзенінің шомылуға тыйым салынған жерде 1999 жылы туған ер адам суға батып кеткені туралы хабарлама  түсті. Құтқарушылар суға кіріп, батып кеткен адамның денесін сағат 10.45-те оқиға орнынан 30 метр төмен ағында  анықтады, - дейді ведомствода.