Оралда балабақша шатыры өртенді

Оралда балабақша шатыры өртенді

Батыс Қазақстан облысының орталығындағы «Айлин 3» балабақшасында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Ақпаратқа сенсек, 2021 жылғы 5 тамыз күні «101» пунктіне Орал қаласы Тимофеев, 22 мекен-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт жұмыстарын барлау кезінде қазіргі уақытта жұмыс жасамай тұрған «Айлин 3» балабақшасының шатырынан өрт шыққаны анықталды. Оқиға орнында жалпы қызметтің 12 техникасы мен жеке құрамның 43 қызметкері жұмыс атқарды.