Түркістанда бидайға ұрлыққа түскен ағайындылар ұсталды

Түркістанда бидайға ұрлыққа түскен ағайындылар ұсталды

Түркістан полициясы бидайға ұрлыққа түскен ағайындыларды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Айтуынша, өзіне тиесілі ауыл сыртындағы бидай егістігіне белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, 80 мың теңге шығын келгенін көрсеткен. Аталған деректі полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Түлкібас АПБ-ның полицейлері осы ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген, білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайы анықталды. Олар ағайынды бауырлар болып шықты. Белгілі болғандай, ағайындылар оңай жолмен ақша тапқылары келген. Бүгінде түлкібастық полицейлер қолды болған бидай өнімін заңды иесіне толықтай қайтарды. Қазіргі таңда күдікті екеуге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде ұсталған ағайындылардың бас шарасы қолхатта.