Ақмола облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тамыздың 9-да сағат 12:10-да Нұр-Сұлтан – Петропавл автожолының 179 шақырымында болған.

«Анықталғандай, Нұр-Сұлтан қаласының 43 жастағы тұрғыны басқарған «Шкода» автокөлігінің жүргізушісі арақашықты сақтамай бір бағытта жүріп келе жатқан ZAZ Chance көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ZAZ Chance көлігіндегі 24, 27 және 29 жастағы үш жолаушы (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары) оқиға орнында көз жұмды. Ал осы көліктің 23 жастағы жүргізушісі мен «Шкода» автокөлігінің 18 және 19 жастағы жолаушылары Бұланды аудандық ауруханасына жатқызылды», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде «Шкода» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.