Семейде карантин режимін бұзған алты тойхана анықталды

Семейде карантин режимін бұзған алты тойхана анықталды
фото: dknews.kz

Семейде карантин шараларын бұзған 6 тойхана анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл нысандарда шектеу шараларына қарамастан үйлену тойы мен өзге де мерейтойлық шара өткізілген. Мониторингтік топ тексеру кезінде әрқайсысынан 50-ден астам адам жиналғанын әшкерелеп, думанды тоқтатып тастады. Мерекелік жиынды ұйымдастырғандарға хаттама толтырылып, құжаттар жауапты мекемеге жіберілді.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық дәрігерінің қаулысымен қосымша шектеу шаралары енгізілді. Инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ойын-сауық, караоке бар, кальян, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтардың қызметіне тыйым салынған.