Шымкентте желіні шулатқан «көкек ана» қолға түсті

Шымкентте желіні шулатқан «көкек ана» қолға түсті

Шымкентте жаңа туған баласын қоқысқа тастап кеткен «көкек ана» қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 1996 жылы дүниеге келген Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Аталған жағдайға байланысты Қылмыстық кодексінің «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Нәрестенің мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше аула тазалаушы мамандар шаһардың Рысқұлов көшесінің бойындағы қоқыс контейнерінен бала денесін тауып, полиция қызметкерлеріне хабар берген еді. Қала көшесінің бейнебақылау камерасына іліккен ананы іздестіру тобы көп ұзамай оны қолға түсірді.