Шымкентте шаңды дауыл соқты

Шымкентте шаңды дауыл соқты

«Казгидромет» орталығының мәлімдеуінше, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жеткен.

Қара шаңнан таяқ тастам жер көрінбей, көлік қозғалысына қиындық туды. Салдарынан Төлеметов пен Бәйдібек би көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. Ал Еңбекші ауданына қарасты Маятас елді мекенінде үйдің шатыры ұшып, көліктің үстіне түскен.  Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.