Сарыағаш ауданында пошта бөлімшесін тонап кетті

Сарыағаш ауданында пошта бөлімшесін тонап кетті

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында пошта бөлімшесін тонап кетті. Оқиға болғаннан кейін мекеме қызметкерлері бірден тәртіп сақшыларына хабарласқан.

Арам ойын жүзеге асырмақ болған ұрылар із суытып үлгірмепті. 35 миллион теңгені қолды қылған поштаның өз қызметкері болып шықты. Екі серіктесімен бірге қыруар ақшаны ұрлағандар бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Тимур Момбеков, Сарыағаш АПБ тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі:

- Белгісіз азаматтар 35 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен алғандарын көрсеткен. Аталмыш арыз Сарыағаш аудандық полиция бөлімімен ҚК 190-бабымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергелуде. Іс бойынша 3 күдікті азамат ұсталып, қазіргі таңда қамауда.