Оралда қырық жастағы әйелді бөтелкелесі пышақтап өлтірді  

Оралда қырық жастағы әйелді бөтелкелесі пышақтап өлтірді   

Алматы облысында түрмеде отырған алаяқ ауыл тұрғынын сан соқтырды. Ол жәбірленушіден 1 миллион теңгеден астам ақшаны алдап алған. 

Оралда 40 жастағы әйелді бөтелкелесі пышақтап өлтірді. Оқиға қаладағы Қонаев ықшам ауданында болған. Анықталғандай ер азамат пен әйел жалдамалы пәтерлердің бірінде кездесіп ішімдік ішкен. Араларында жанжал шығып ер адам әйелге пышақ ала жүгірген. Қазір 42 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүріп жатыр.

Лунара Аманғалиева, БҚО ПД ресми өкілі:

– Ол басынан белінен көптеген пышақ жарақатын алған. Марқұмның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99 бабы 1-бөлігімен адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ТҮРМЕДЕ ОТЫРЫП АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН

Алматы облысында түрмеде отырған алаяқ ауыл тұрғынын сан соқтырды. Ол қамауда жатып-ақ алдау жолымен 1 млн 146 мың теңгесін иемденген. Күдікті жәбірленушіні акция сатуға қаржы салу арқылы тәп-тәуір пайда табуға болатындығына сендірген. Сеніміне әбден кірген соң ақшаны бірнеше бөліп алған. Жедел іздестіру шаралары кезінде қылмысты жасаған Қапшағайдағы түзеу мекемелерінің бірінде отырған 26 жастағы сотталушы болып шықты. Ол кінәсын мойындаған. Оның бірнеше интернет-алаяқтыққа қатысы бар болуы мүмкін. Полиция тергеуге байланысты мән-жайды толық жарияламай отыр.

Марат Күштібаев, Іле аудандық полиция басқармасының бастығы:

– Ол инстаграм әлеуметтік желісінде науқан бойынша ұялы телефондарды сату туралы хабарландыру орналастыру арқылы азаматтардан ақшалай қаражатын алу жолымен иемделген. Қазіргі уақытта күдікті тергеу әрекеттерін жүргізу және ұқсас қылмыстарды жасауға қатыстылығын тексеру үшін қамауға алынды.

ТЕЛЕФОН ҰРЛАЙМЫН ДЕП ҰСТАЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласында қымбат ұялы телефондарды ұрлаған адам ұсталды. Оның ұрлық жасап жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ұсталған жігіт күндізгі уақытта СПА салонға кіріп ешкім жоқтығына көзі жеткен соң жалпы құны 200 мың теңге болатын екі айфонды алып тайып тұрған. Бейнетүсірілім жіті зерттеліп, күдіктінің 25 жастағы астаналық екені белгілі болды. Анықталғандай ол бұған дейін бірнеше рет істі болған көрінеді. Қазір ол ұсталып қамауға алынды.