Павлодарда су құбыры жарылды

Бүгін таңертең Павлодардың орталық көшелерін су басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Облыс әкімдігі ғимаратына жақын маңдағы су құбыры жарылған. Салдарынан жиырмаға жуық әкімшілік ғимарат пен көпқабатты үйлер сусыз қалды. Жауапты мекеме басшылары апатты кешке дейін қалпына келтіреміз дейді. Оқиға орнында арнайы техникалар жұмыс істеп жатыр. Коммуналдық апаттың нақты шығын көлемі әзірге белгісіз. Мамандардың айтуынша, бұл жердегі су желілері әбден тозған. Жаңарту жұмыстары тек келесі жылға жоспарланыпты.

Дмитрий Башкиров, Павлодар водоканал» ЖШС бас инженері:

– Коммуналдық апат кешкі сағат сегізге дейін жойылады деп ойлаймын. Алдымен құбырларды судан тазартып алуымыз керек. Дәнекерлеу жұмыстары жүргізіледі. Құдықтар суға толып тұр. Ақауды жоюға құбырларды босатып, құдықтағы суды шығарғаннан кейін барып кірісеміз.