Маңғыстауда 52 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Маңғыстауда 52 жастағы әйелді көлік қағып кетті
Almaty.tv

Ақтауда жол бойынан өтіп бара жатқан әйелді «Ваз21115» көлігінің жүргізушісі қаққан, деп хабарлайды Хабар 24.

Салдарынан оның қасында болған 5 жастағы қызы да зардап шеккен. Оқиға 5 желтоқсан күні 18.30-да болған. Ақтау қалалық Полиция басқармасына «Шығыс-1» шағынауданында жол апаты болғаны туралы хабарлама түсті.

«Автокөлік жүргізушісі жол бойынан өтіп бара жатқан 52 жастағы әйелді қағып кеткен. Ол қызымен бірге белгіленбеген жерден жүгіріп өтпекші болған. Екеуі де облыстық ауруханаға жеткізілді»,-деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.