Шардарада жанармай бекетін тонап кетті

Түркістан облысында жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы Шардара аудандық полиция бөліміне таңға жуық ақпарат түскен. Белгілі болғандай, бекетке «Nexia» маркалы автокөлігімен келген, бетін тұмшалаған 3 адам  кассаға баса көктеп кіріп, кассир мен оның көмекшісін қорқытып, 120 мың теңгені алып кеткен. Көлікте тосып отырған төртінші сыбайластарымен бірге бой тасалап үлгерген. Қарақшылардың көлігі оқиға орнынан 40 шақырым жерден табылды. Тәртіп сақшыларының соңдарына түскенін көрген олар көліктерін тастай қашқан. Қазір екеуі ұсталды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

БҚО-да есірткі таратушылар ұсталды

Батыс Қазақстанда Рефлекс және Дәрмек іс шарасы барысында синтетикалық есірті затын сатумен айналысқан күдіктілер ұсталды. 29 жастағы күдікті Ларин көшесіндегі үйідің қасында наркотикалық зат жасырған.Ол жерден «пиловалерон» деп аталатын есірткі затының 48 дозасы шықты. Жалпы салмағы 19 граммға жуық. Бұлтарпас айғақтармен қолға түскен күдікті жылу құбырларының арасындағы есіртік жасыру орындарын да көрсетті. Іс барысында 28 жастағы тағы да бір адам ұсталды. Оның тұрғылықты жерінен 150 грамм есірткі заты табылып, орманда есіркті жасыратын 30 нүктесі анықталды. Сонымен қатар құрамында есірткі бар мефедрон препараты да тәркіленді.Қазір тергеу амалдары басталды. 

Өскеменде жол апатынан бір адам зардап шекті 

Өскеменде көпір үстінде ВАЗ-2106 және «Газель көліктері соқтығысып қалды. Салдарынан жеңіл көліктің  67 жастағы жүргізушісі  шыға алмай қысылып қалған. Оқиға орнына жеткен  құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен жүргізушіні аман алып шықты. Зардап шеккен адамға бірден жедел жәрдем шақыртылды. 

Оралда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Орал қаласында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Медциналық көліктің 43 жастағы  жүрзуішісі Мәметов-Исаев көшесінің қиылысында тыйым салынған бағдаршам тұсынан өте шыққан. Осылайша Daewo Nexia автокөлігімен соқтығысқан. Жедел жәрдем көлігінде отырған екі адам ауруханаға түсті. Істің мән жайы анықталуда.