Алматыдағы өрт шыққан тұрғын үй кешенінде үш сәби түтіннен уланған

Алматыдағы өрт шыққан тұрғын үй кешенінде үш сәби түтіннен уланған
Tengrinews.kz

Сәбилер шұғыл түрде №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген.

Қаланың Брусиловский көшесіндегі «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінде түнде өрт шығып, 177 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Көпқабатты үйден 27 адам құтқарылды, оның алтауы балалар. Жедел жәрдем бригадалары түтіннен уланған 2020 және 2021 жылы туған үш сәбиды шұғыл түрде №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізген.