Атырау облысында су таситын көлік өртенді

Атырау облысында су таситын көлік өртенді
inform.kz

Мақат ауданында су тасымалдап жүрген «Урал» маркалы көлік отқа оранған.

Облыстық өрт сөндіру қызметі Доссор кентінен 10 шақырым қашықта «Атырау-Ақтау» бағытындағы республикалық тас жолдың бойында автокөліктің өртеніп жатқанын анықтады. «Көліктің өртенгені туралы кеше, 10 желтоқсанда күндізгі сағат 14.32-де хабар түсті. Жалын су таситын көліктің кабинасынан шыққан», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер жалынды сағат 15:20-да оқшаулап, сағат 15:25-те толық сөндірді.