Қарағандыда жолаушы қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақ ала жүгірді

Қарағандыда жолаушы қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақ ала жүгірді
inform.kz

Қарағандыдағы аялдамалардың бірінде белгісіз біреу қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақ ала жүгіріп, кондукторды балағаттаған.

Бұл туралы Қарағанды қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына хабарлама түскен.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті қоғамдық көлікте қоқыс шашып, осыған байланысты кондуктордың ескертпесіне балағат сөз айтып, дау шыққаны белгілі болды. «Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.