Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген тұрғын ұсталды

Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген тұрғын ұсталды
Tengrinews

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз қару ұстаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды Хабар 24. Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Аталған шара барысында Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз қару алып жүрген азаматты ұстады. Полицейлер ауданға қарасты Аққолқа елді мекенінде қару ұстап келе жатқан 40 жастағы ауыл тұрғынын тоқтақан. 

«Тексеру барысында аталған азаматтың өзімен бірге ішкі істер органында тіркеуде жоқ 16 калибрлі екі ұңғылы «ИЖ» маркалы аңшы мылтығын алып келе жатқаны анықталды. Анықталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.