Павлодарда тыйым салынған жерден өткен адамды көлік қағып кетті

Павлодарда тыйым салынған жерден өткен адамды көлік қағып кетті
Телеканал Санкт-Петербург

Зардап шеккен тұрғын ауруханаға түсті, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 желтоқсан күні сағат 15:00-де Катаев – Естай көшелерінің қиылысында «Фольксваген Пассат» автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі 1955 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

 - Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіледі.