Павлодарда автокөлік жанып кетті

Павлодарда автокөлік жанып кетті
pavlodarnews.kz

Оқиға орнында облыстық ТЖД құрамынан төрт адам мен бір техника жұмыс істеді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД  баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 желтоқсан күні сағат 14.39-да Заслонов – Ростовская көшелерінің қиылысында көліктің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

– Ашық аумақта 1998 жылы шыққан «ВАЗ-21043»  автокөлігінің 4 шаршы метр алаңы толығымен жанып кетті. Өрт сағат 14.53-те сөндірілді,  – дейді департаментте.

Көліктің жануына электр сымдарының  қысқа тұйықталуы себеп болған.