БҚО-да қорықшы ісі бойынша күдікті ұсталды

БҚО-да қорықшы ісі бойынша күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысының полицейлері қазақ тапқан қорықшының өліміне қатысты бір күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы бір адам тергеу жұмыстарына куәгер ретінде қатысып жатыр. Оқыс оқиға кеше таңертең болды. Теректі ауданының Ақжайық ауылынан 15 шақырым жердегі Бударин қорығына 3 ер адам аң аулауға шыққан. Полиция департаменті таратқан мәлімет бойынша үш азаматтың бірі қаруды оқтап жатқанда абайсызда қасындағы серігін атқан. Көз жұмған азамат Батыс Қазақстан облысы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі Серік Мәженов. Марқұм оққа ұшпас бұрын браконьерлердің ізіне түскен болуы мүмкін дейді әріптестері.