Ақтаудағы әуежай мен теңіз портына жарылғыш зат қойғаны туралы ақпарат тексерілді

Ақтаудағы халықаралық әуежай мен теңіз сауда айлағында «жарылғыш зат қойылды» деген ақпарат жалған болып шықты.

Бүгін облыстық полиция департаментіне осындай хабарлама түскен болатын. Тәртіп сақшыларының жедел әрекеті арқасында ақпарат бүге-шүгесіне дейін тексерілді. Алайда қауіпті зат табылған жоқ. Қазір нысандар қалыпты жұмысына оралды. Ал күдікті ұсталды, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу де басталған.