Алматыда 7 адам із-түзсіз жоғалды

Алматыда 7 адам әлі де табылмай жатыр. Олар ресми түрде із-түссіз жоғалғандар санатында. 4 қаңтардан бері қалада 22 адам іздеуде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті полиция департаменті 15 тұрғынның табылғанын хабарлады. Қазір оқиға бойынша жедел-іздеу шаралары жалғасып жатыр.