Екібастұзда жұмысшы кәсіпорында жарақат алды

Екібастұзда жұмысшы кәсіпорында жарақат алды
pavlodarnews.kz

Жазатайым оқиға 30 қаңтар күні сағат 16.15-те кәсіпорындардың бірінің учаскесінде орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорынның қызметкері ұсақтау қондырғысының тірегін ауыстыру жұмыстарын жүргізу кезінде сол қолынан жарақат алған.

Ер адам жарақатымен Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды. 

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.