Павлодар облысында көлік толығымен жанып кетті (ВИДЕО)

Павлодар облысында көлік толығымен жанып кетті (ВИДЕО)
pavlodarnews.kz

Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД-нің 8 қызметкері мен 2 техникасы шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 ақпан күні сағат 16:22-де Алғабас ауылдық аймағының Ребровка ауылына жақын маңда өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

– Ленин мен Ертіс ауылдарының автожолында Pontiac Trans автокөлігі толығымен жанып кетті. Жалын 1995 жылы шығарылған көліктің 4 шаршы метр ауданын шарпыған, – деді департаментте.

Өрт сағат 16:52-де жойылды. Көліктің жануына қозғалтқыш бөлігіндегі сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған.