Таразда 15 қару мен мыңға жуық оқдәрі табылды

Таразда 15 қару мен мыңға жуық оқдәрі табылды

Таразда полицейлер мен Ұлттық ұлан әскерилері қала аумағынан 15 қару мен мыңға жуық оқ тапты.

Іздестіру шаралары қаладағы қараусыз нысандар, жертөлелер мен тұрғын үйлердің шатырларында жүргізілген. Қылмыскерлер ұрланған қаруларды зираттарға да жасырған. Тінту жұмыстарына иісшіл иттер көмектесті. Нәтижесінде бір аптаның ішінде 3 «Калашников» автоматы, 6 аңшы мылтығы, 3 «Макаров» тапаншасы, 3 травматикалық тапанша мен түрлі калибрлі 1000-ға жуық патрон табылды. Қару-жарақтардың барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қару-жарақты ерікті түрде тапсыру акциясы жалғасып жатыр. Полицияға қарудың заңсыз сақталуы туралы ақпарат берген немесе өз еркімен алып келген тұрғындар қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайды.