Өскемен - Семей тас жолында жүк көлігі өртенді

Шығыс Қазақстан облысында газ тасымалдаған жүк көлігі отқа оранды.

Апат «Өскемен-Семей» тас жолында кеше кешкі 21:00 шамасында болған. Баллондардың жарылуына байланысты жалынды тез сөндіру мүмкін болмады. Қауіпсіздік мақсатында полицейлер жолды бөгеп тастады. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, жүргізуші де дін аман. Өрт бір жарым сағаттан кейін ауыздықталды.