ШҚО-ның Күршім ауданында тұрғыннан 3 келі марихуана тәркіленді

ШҚО-ның Күршім ауданында тұрғыннан 3 келі марихуана тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы тұрғынынан 3 келіге жуық марихуана тәркіленді.

Бұл туралы polisia.kz порталы хабарлады. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтаған 26 жастағы ауыл тұрғынын анықтады. Оның гаражын тінту барысында қоңыр түсті өсімдік тектес зат табылды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, табылған зат – кептірілген марихуана. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.