Қаңтардағы бүлікті ұйымдастыруға қатысқан қылмыстық топ басшылары ұсталды

Жаппай ереуілді ұйымдастыруға атсалысқан қылмыстық топ басшылары ұсталды.

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Арнайы операциялар нәтижесінде ұсталғандардан көптеген қару-жарақ пен оқ дәрі тәркіленді.